Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Балаларға экологиялық мәдениет сіңіру керек 

Экологиялық сана ересек кезде ғана емес, бала кезден қалыптасады. Баланың қоқысты жерге тастамауы, табиғатты бүлдірмеуі, жан-жануарға жанашырлық танытуы – көрген тәрбиесінің айнасы.

Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасының ұзақ мерзімді нәтижесі мектептегі, отбасындағы экологиялық біліммен тікелей байланысты. Экология – бір реттік акция емес, өмір салты. Табиғатты қорғау сенбіліктен сенбілікке дейінгі аралықта ұмытылып кететін іс болмауы тиіс. Экология – күнделікті шешімдерден, қарапайым әдеттерден, жеке жауапкершіліктен тұратын үздіксіз процесс.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT