Қызылқоға ауданында “Түнгі қала – қауіпсіз бала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде Қызылқоға ауданы аумағында ағымдағы жылдың 3-5 шілде аралығында “Түнгі қала – қауіпсіз бала” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру деректерін анықтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстарды күшейту болып табылады.
Іс-шара барысында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі уақытта ойын-сауық орындарын, саябақтар мен көшелерді, адамдар көп шоғырланатын орындарды аралап, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтын заңды өкілдерге қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Қызылқоға ауданы полиция бөлімі аудан тұрғындарын балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеуге шақырады.




