«Балалар қауіпсіздігі» жедел алдын алу профилактикалық іс-шарасы аясында Жангелдин ауылында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Онда жасөспірімдерге жолдың жүру бөлігі мен автокөлік жолдарында ойнауға болмайтыны, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көшені тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілді.



