Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Аудан көлемінде «Жолдағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Ол балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті, ал балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Іс-шара барысында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруы – заң мен тәртіп қағидатының нақты көрінісі. Әсіресе жазғы демалыс кезінде балалардың көшеде көп жүруіне байланысты мұндай алдын алу шаралары аса маңызды. Жол ережесін сақтау – тәртіптің бастауы. Әр ата-ана баласына қауіпсіздік талаптарын үйретіп, жолда мұқият болудың маңызын түсіндіруі қажет. Тәртіпке бағынған қоғамда қауіп азайып, адам өмірі қорғалады. Балалардың амандығы – ел болашағының кепілі. Сондықтан жолдағы қауіпсіздікке бейжай қарамай, заң талаптарын сақтау баршаға ортақ міндет.

 Айбек СӘРСЕНҒАЛИЕВ,

 аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT