Балаларымызға қауіпсіздік ережелерін үйрету – әр ата-ананың міндеті. Қарапайым қағидаларды бірге қайталайық
Бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
Үй мекенжайы мен ата-ана телефонын жаттап ал;
Қауіпті жағдайда үлкендерден көмек сұра, үлкендер болмаса 102 нөміріне қоңырау шал;
Ата-ананың рұқсатынсыз ешқайда барма
ҚАЖЕТ ЖАҒДАЙДА – 102
Егер қауіп төнсе немесе күмәнді жағдай болса:
102 нөміріне қоңырау шал
Не болғанын және қай жерде екенін нақты айт
Сабыр сақтап, оператордың сұрақтарына жауап бер
Есіңде болсын: 102 – ойын үшін емес, тек шынайы көмек қажет кезде ғана қоңырау соғатын желі!
Балалардың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!


