Бүгінгі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басты басымдықтарының бірі. Бала – болашағымыз, ұлт ертеңі. Сондықтан оның құқығын қорғау, өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір азаматтың, әрбір ата-ананың және ұстаздың басты міндеті.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе бізді алаңдатып отыр, себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді. Біз, педагогтер мен ата-аналар оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауаптымыз. Бұл – біздің ортақ мақсатымыз.
Осы мақсатта Сағыз орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Тәртіп және Заң» қағидаты аясында тәрбиелік іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп келеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында заңға деген құрметті, тәртіпке бағыну мәдениетін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және адал, әділ, парасатты азамат тәрбиелеу.
Аталған қағидат аясында мектебімізде жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарылды:
1. Құқықтық түсіндіру жұмыстары: Оқушыларға ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің кәмелетке толмағандарға қатысты баптары түсіндірілді. Сынып сағаттарында «Менің құқығым – менің қорғаным», «Заңды білу – заман талабы» тақырыптарында дәрістер өтілді.
2. Қауіпсіздік сабақтары:
Полиция қызметкерлерімен, ТЖ қызметкерлерімен бірлесіп «Буллингтен қорған», «Интернеттегі қауіпсіздік», «Жолда жүру ережесі – өмір кепілі», «Төтенше жағдайда әрекет ету» «Тәртіп және заң» қағидаты аясында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіптің алдын алайық!», «Темір жол қауіпті аймақ!», «Жол ережелерін білейік!» тақырыбында полиция қызметкерлері мен темір жол күзет бөлімімінің мамандарын, төтенше жағдайдың алдын алу мамандарын қатыстыра отырып, профилактикалық дәрістер өткізілді.
3. “Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі», «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыптарында ата-аналар жиналысы өтіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуі жөнінде түсіндірме берілді.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстың түпкі мақсаты бір – әр бала өзін қауіпсіз, қорғалған сезінуі керек. Заң бар жерде – тәртіп бар, тәртіп бар жерде – қауіпсіздік бар.
Бала қауіпсіздігі – бұл тек мектептің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Заңмен қорғалған басты құндылығымыз – балаларымыз аман болсын!
Заңды білейік, тәртіпті сақтайық, қауіпсіз қоғам құрайық!
🔹Сағыз орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөнінің орынбасары: И.Б. Сахиев.
#Заңжәнетәртіп




