Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

 Табиғат – адамзатқа берілген баға жетпес байлық. Оны аялау, қорғау және келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу – баршамыздың қасиетті борышымыз.

Ауылдың тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Ол тек сенбілікпен шектелмейді. Әр ауыл тұрғыны көшесін таза ұстап, қоқысты бей-берекет тастамай, табиғатты қорғауға күнделікті үлес қосуы керек. Осындай қарапайым істер арқылы балалар да тазалыққа, еңбекқорлыққа және туған жерді сүюге тәрбиеленеді. «Таза ауыл – жарқын болашақ» қағидасы – баршамызға ортақ ұстаным болуы тиіс. Табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Өтеғали ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ,

Тайсойған ауылдық қоғамдастық кеңесінің мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT