Жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалар қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі деп санаймын. Әр адамның білім алуға, еңбек етуге, өз ойын еркін білдіруге және заңды мүдделерін қорғауға құқығы болуы – өркениетті қоғамның негізі. Азаматтардың құқықтары мен міндеттері үйлесім тапқанда ғана елде өзара құрмет пен қоғамдық келісім нығаяды.
Гүлсара Тілегенова, мұғалім




