Туған жеріміздің таза, көрікті әрі жайлы болуы әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Көшелердің тазалығы, аулалардың ұқыптылығы мен қоршаған ортаның күтімі ауыл мәдениетінің айқын көрінісі болып табылады.
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ауыл аумағын таза ұстау, қоқыстарды белгіленген орындарға тастау және қоғамдық орындарды күтіп-баптау маңызды міндеттердің бірі саналады. Әр тұрғын өз ауласын таза ұстап, айналасына жанашырлықпен қараса, ауылымыздың ажары артып, экологиялық мәдениет қалыптасады. Тазалық – бір күндік жұмыс емес, күнделікті дағдыға айналуы тиіс игі іс.
Сондықтан туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, оны сақтау мен көркейтуге әрқайсымыз үлес қосайық!




