Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АУЫЛДЫҢ КӨРКІ - ТАЗА КӨШЕ  

 Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Ауылдың көркі – оның таза көшесі, көгалданған ауласы мен табиғаты. Бұл – тек бүгінгі ұрпақ үшін емес, келешек ұрпаққа қалдыратын аманат.

      Ауыл ақсақалдары мен үлкендері табиғатты аялау – ата-бабадан келе жатқан қасиетті дәстүр екенін үнемі айтып келеді. «Бір тал кессең, он тал ек»,    «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген нақыл сөздер табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын білдіреді. Олар жастарды туған жерді қадірлеуге, қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға үндейді.
     Үлкендердің айтуынша, таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен бірлігінің көрінісі. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, сенбіліктерге белсене қатысса, ауылымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы мекенге айналады.
     Табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық. Сондықтан ауылымыздың әрбір тұрғыны туған жердің тазалығын сақтап, кейінгі ұрпаққа көркейген, гүлденген ауылды аманат етуге үлес қосуы тиіс. Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі.
Қанатқали КАРИМОВ,
Тайсойған ауылдық  бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT