Ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Көшелердің тазалығы, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындарда мәдениеттілік таныту, тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – ауыл өмірінің тыныштығын қамтамасыз ететін басты факторлар.
Әсіресе жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, заңға бағыну, үлкенді сыйлау, қоғамдық мүлікке жанашырлықпен қарау сияқты құндылықтар насихатталуы қажет. Тұрғындардың белсенділігі мен өзара сыйластығы ауылдағы тәртіптің нығаюына оң ықпал етеді. Сондықтан әрбір тұрғын қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесін қосып, заң талаптарын құрметтеп, ауылымыздың берекесі мен бірлігін нығайтуға атсалысайық.
Үміт НҰХЕСОВА,
Тайсойған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



