Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫНА МӘН БЕРЕЙІК

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – бұл әрбір адамның туған табиғатқа, өз еліне және болашақ ұрпаққа деген құрметінің белгісі. Табиғатты аялау және оны таза ұстау тек мемлекеттің немесе экологтардың ғана емес, біздің ортақ міндетіміз.

Ауылымыздың экологиялық жағдайы әрбір тұрғынның денсаулығы мен болашағына тікелей әсер ететін ең маңызды мәселе. Таза ауа, қауіпсіз ауыз су және құнарлы жер – ауыл өмірінің тірегі. Ал тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында ұйымдастырылып жатқан тазалық шараларына белсенділікпен қатысып, ауыл тазалығына мән берейік.

Қанат АЛПАНОВ,
аудандық білім бөлімінің бас маманы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT