Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл тазалығына ұйымшылдық керек

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауылдық округінде өткен аптада кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Ондағы басты мақсаты – елді мекеннің тазалығын сақтап, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды ортақ іске жұмылдыру.

Сенбілік барысында ауылдың 7 көшесі, мемлекеттік мекемелердің аумақтары мен айналасы, сондай-ақ 4 шақырым тас жол бойы қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жиналған күл-қоқыс арнайы техникамен тиісті орынға шығарылып, жалпы көлемі 1 тоннаны құрады. Тазалық жұмыстарына ауылдық округтегі барлық мекеме қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсенді қатысып, барлығы 45 адам ортақ іске өз үлестерін қосты. Қатысушылар ауылдың көркеюі мен тазалығын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымшылдықпен атқарды. Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарды ластамау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршамыздың азаматтық міндетіміз. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT