Тазалық – денсаулықтың, мәдениеттіліктің және тәртіптің айнасы. Айналамызды таза ұстау – әр адамның азаматтық міндеті. Таза ортада өмір сүру адамға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, табиғатты қорғауға да үлкен үлес қосады.
Осы тұста ойылдық тұрғындар жыл басынан бері ұйымдастырылған сенбіліктерге жүйелі түрде қатысып келеді. Ауылдың ұйымшылдығы осыдан көрінеді. Қазіргі таңда қоршаған ортаның тазалығы – маңызды мәселелердің бірі. Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу, су мен ауаны ластамау – бәрі де табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі. Әр адам өз үйінің, ауласының, көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміз де көркейе түседі. «Тазалық — табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Сондықтан тазалықты өзімізден бастап, кейінгі ұрпаққа үлгі болуымыз керек.
Гүлжамал ҚҰЛБАЕВА,
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының маманы


