Қоршаған ортаны қоқыстан арылтып қана қоймай, ауылдың тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру бағытында қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауыл-аймақ тұрғындарының бірлігін, туған жерге деген сүйіспеншілігін айқын көрсететін игі шараға айналды.
Акцияға Жамбыл ауылдық округі де белсене қатысып, ауыл тұрғындарымен түрлі сенбіліктер ұйымдастырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіуде. Бұл ретте ауыл тұрғындары, жастар мен оқушылар, мекеме қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, көшелерді, саябақтарды, су арналарының маңын қоқыстан тазартты.
Тазалық – тек қана қоршаған ортаны қоқыстан арылту емес, ол – әрбір азаматтың санасына сіңетін мәдениет. Біздің ауылымыздың болашағы жарқын, көшелері таза, табиғаты көркем болуы – өз қолымызда.
Ардақ НАУШАБАЕВА,
Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



