Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН ТЕР ТӨКТІ

 «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл ретте тазалықты жанына серік еткен аудандық аурухана ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әр апта сайын ұйымдастырылатын сенбілікке белсене қатысып келеді.

Аталмыш іс-шара барысында қызметкерлер өздеріне белгіленген аумақты, көшені, мекемеайналасын тазартып, ауылдың келбеті келісті болуы үшін тер төкті. Экологиялық тазалық пен тәртіпті сақтау тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір ауыл тұрғынының парызы. Өйткені көше, аула, саябақ – ортақ үйіміз болғандықтан оның тазалығына көз жұма қарауға болмайды. Сондықтан ауыл тазалығы, көркеюі жолындағы іс-шаралардан шет қалмайтын аудандық аурухана ұжымы ауыл тұрғындарын да сенбілікті қолдауға, өз көшелерін тазалауға шақырады.

 Мәдина ҚАНАТҚАЛИЕВА,

 аудандық аурухана директорының емхана жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT