Тазалық – кез келген елді мекеннің көркі, тұрғындардың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің айқын көрінісі. Ауылдың ажары мен қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен әрбір тұрғынның өз ауласына, көшесіне және туған жеріне деген жанашырлығынан басталады.
Бүгінде елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, аулалар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылуда. Мұндай игі шаралар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Дегенмен тазалықты тек сенбілік немесе арнайы ұйымдастырылған шара кезінде ғана қолға алу жеткіліксіз. Әр тұрғын күнделікті өмірде қарапайым тазалық талаптарын сақтап, қоқысты белгіленбеген жерге тастамауға, өз ауласын таза ұстауға және айналасына ұқыпты қарауға дағдылануы қажет. Себебі ауылдың тазалығы – бір ғана мекеменің немесе белгілі бір қызметкерлердің емес, барша тұрғынның ортақ ісі.
Ауыл таза болса – ел де көрікті. Ортақ мекеніміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!




