Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл әйелдерінің қоғамдағы белсенділігі

Сағыз ауылдық округі жанынан құрылған Аналар және әкелер кеңесі ағымдағы жыл басталысымен тәрбиелік мәні бар көптеген шаралар ұйымдастырып келеді. 12 ақпан күні «Шұғыла» мәдениет үйінде «Тәртіп пен әдеп» атты мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу болып өтті.

Кездесуде Аналар кеңесінің төрайымы Г.Жанбосинова және Әкелер кеңесінің төрағасы Ж.Таласов ата-аналарды, құқық қорғау органдарын, медицина мамандарын жасөспірімдермен ұдайы жұмыстар жүргізуге және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіру жұмыстарын жасауға, өскелең ұрпақтың болашағы мен денсаулығын сақтауға бірлесіп шаралар өткізуге шақырды. 2026 жылы ауданда өткізілген «Әулеттің ажары – ибалы келін, тату абысын» атты байқауда Сағыз ауылының «ЕрЖанақ» әулетінің келіндері Бас жүлдені иемденді. Аталған шара ұлттық тәрбие мен қазақ халқының асыл мұрасы әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді насихаттайды.

Осы жыл ішінде Сағыз ауылдық Аналар кеңесінің алқасына отбасы жағдайы бойынша екі ана жүгінді. Аталған отбасыларға жыл ішінде отбасы институтын сақтау мен нығайту, отбасы мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, ажырасудың алдын алу, өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға психологиялық кеңестер беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында, отбасындағы ер мен әйелдің денсаулығын сақтау және тағы басқа мәселелер бойынша уәкілетті органның қызметкерлерімен бірлескен құқықтық бағыттағы түсінік жұмыстары жүргізілді.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, жанұядағы ерлі-зайыптылардың өнегелі өмірін насихаттау мақсатында 2026 жылы «Мерейлі отбасы» байқауына Сағыз ауылдық округінен Аралбаевтар жанұясы қатынасты.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT