«Тазалық – тәртіптің айнасы» демекші, сенбілікке белсенді қатысу – туған жерге деген құрметтің белгісі. Сондықтан әрбір ауыл тұрғынын тазалық шараларына белсенді қатысуға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз. Бірлескен еңбектің арқасында ғана ауылымызды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыра аламыз.
Таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен ұйымшылдығының айқын көрінісі. Ауылдың көркі мен санитарлық тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы мақсатта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында ауыл-аймақтарда тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, саябақтар, балалар ойын алаңдары, арықтар мен жол жиектері қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтіріледі. Мұндай игі іске мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосады. Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – күнделікті өмір салты. Әр тұрғын өз үйінің ауласын, көшесінің маңын таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытса, ауылымыздың ажары артып, экологиялық мәдениетіміз де жоғарылай түседі.
Назым МАРАТ,
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



