Ағымдағы жылдың 20-26 шілде аралығында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында «Аулада қабылдау» акциясын өткізеді. Акцияның басты мақсаты – полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын орнында тыңдау, құқықтық мәдениетті арттыру.
Акция барысында полиция қызметкерлері:
1. Ауыл тұрғындарымен ашық форматта кездесу өткізеді;
2. Қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
3. Интернет-алаяқтық, алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы кеңес береді;
4. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі



