Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«АРАЛ» КӨЛІ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

сурет ғаламтордан алынды

 Өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы биыл да жалғасуда. Тасшағыл ауылдық округінде аталмыш акция аясында апта сайын сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстар жүруде.

Биыл округтегі барлық мекеме қызметкерінің қатысуымен (134 адам) бес рет сенбілік өтті. Сенбілікке қатысқан округ әкім аппараты, Тасшағыл орта мектебі, Махамбет Өтемісұлы атындағы мәдениет үйі, спорт кешені, «Жазира» бөбекжай-бақшасы және дәрігерлік амбулаториялық қызметкерлері ұйымшылдықпен ауыл көшелері мен мекеме ғимараттарының айналасын және ауыл іргесіндегі «Арал» көлі жағалауын тазалады. Нәтижесінде, 4,5 тоннаға жуық қоқыс жинақталып, трактор тіркемесімен арнайы орынға шығарылды. Ауыл тазалығын ұстауға округ әкімдігімен келісім шарт жасасқан «Капезов» жеке кәсіпкерлігі де ауыл көшелеріне орнатылған 20 контейнер мен пластик құтыларға арналған 19 тор контейнерді уақытымен тазалап, ауыл тазалығын сақтауда өз үлесін қосып келеді.

Б.БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT