Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы ауылымызда да қарқынды жүруде. Акция аясында әр сенбі сайын сенбілік өтіп, шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, ауыл жастары атсалысуда.
Ағаш түптерін әктеп, жол жиектері арам шөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстап, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттырып, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету. Ерте көктемде бас¬талған тазалық жұмыстары жер-жерлерде әлі күнге ұйымдастырылып келеді. Әлбетте, жыл соңына дейін жалғасын таба бермек.
Сандуғаш ҚАЗИЕВА,
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы


