Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ақпараттық сағат өткізілді

Сағыз ауылдық кітапханасында "Таза Қазақстан" акциясы аясында “Таза Қазақстан-жарқын болашақ кепілі" тақырыбымен ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсат - қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үндеу.

Ауыл жастары бас қосқан бұл кездесудің орны бөлек. Алдымен кітапханашы О.Шафикқызы тазалық тақырыбына тоқтала кетсе, "Жастар ресурстық орталығының" маманы Д.Қашқынбай өз ойын ортаға салып, жасалып жатырған жастар жұмысына толық тоқтала кетті. Жанашыр жастар қолдарына құрал-саймандарын алып, "Достық” саябағын тазалау жұмыстарын жүргізді.

Табиғатты аялау – өз болашағымызды қорғау. Сондықтан әрқайсымыз табиғатқа жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтайық. Таза табиғат – дені сау, бақытты өмірдің кепілі.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT