Табиғат – әйел заты секілді. Мейірімді болсаң, мейіріміңді қайтарады, бейқам қарасаң – қатулы қабағын көрсетеді.
Біз өзіміздің аналарымыздан табиғатты қадірлеуді үйрендік. Су ішкен құдығымызға қоқыс тастамайтынбыз, көл басын тазартып, айналасына таза ұстайтынбыз. Қазір ауылда жастар көп, отбасын құрып, бала тәрбиелеп жатқан аналарға да үлгі болуымыз керек. Әр үй өзінің ауласын таза ұстаса, ағаш ексе, айналасын көріктендірсе — бұл да табиғатқа жасалған құрметтің бір түрі. Мен аналар кеңесінің төрайымы ретінде әрдайым айтып жүремін: біз ұрпағымызға тек дүние емес, таза табиғат қалдыруымыз қажет.
Назигүл АЯШҚЫЗЫ,
Жамбыл ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы



