Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН БАСТЫ ҚАҒИДА

Әрбір мемлекеттің дамуы мен өркендеуі қоғамдағы заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Заң – адамдардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын басты қағида. Ол қоғамда әділдікті орнатып, азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз етеді.

Ал тәртіп – заң талаптарын күнделікті өмірде орындаудың нақты көрінісі. Заңды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Адам өз құқығын ғана емес, өзгелердің де құқығын сыйлай білуі керек. Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, табиғатты қорғау, үлкенді құрметтеп, кішіні ізеттеу – бәрі де заң мен тәртіпке деген жауапкершілікті көрсетеді.

 Бекжан ҚОЖАҒҰЛОВ,

 аудандық қазынашылық басқармасы бастығының орынбасары

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT