Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру – маңызды міндет. Заңды білетін, адал әрі жауапты ұрпақ қана елдің болашағын жарқын ете алады. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын орындаса, құқық бұзушылық азайып, қоғамда сенім мен тұрақтылық артады.
Қорыта айтқанда, заң мен тәртіп – бейбіт өмірдің, тұрақтылықтың және дамудың басты кепілі. Заңға бағыну – қорқыныштан емес, азаматтық сана мен жауапкершіліктен туындайтын қасиет. Әрбіріміз заңды құрметтеп, тәртіпті сақтасақ, әділетті әрі қауіпсіз қоғам құруға өз үлесімізді қоса аламыз.
Ақбаян АЛПЫСБАЙ,
жастар ресурстық орталығының
ұйымдастыру бөлімінің маманы




