Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 14–16 қыркүйек күндері аралығында Қызылқоға ауданы көлемінде «Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:
жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
жүргізушілерге жаяу жүргіншілерге жол беру қажеттігін ескертеді;
жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылауды күшейтеді;
мектеп оқушылары арасында жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шараларға қатысады.
🚗 Жүргізушілерді елді мекендерде жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жақындағанда барынша мұқият болуға шақырамыз.
🚶 Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз.
Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымызға ортақ жауапкершілік!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT