Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

4691 тонна қоқыс шығарылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ауданымызда өз жалғасын тауып жатыр. Қоршаған ортаны қорғауға және өңірді абаттандыруға бағытталған бұл айтулы шараға аудандық бөлімдер, ауылдық округ әкімдіктері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт мекемелері, коммуналдық кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері, еріктілер және жергілікті тұрғындар белсене атсалысуда.

Есепті кезең ішінде өңірімізде 20-ға жуық сенбілік ұйымдастырылып, оған 4,4 мыңнан астам тұрғын қатысты. Аумақты санитарлық тазалау жұмыстарына 25 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 4691 тонна тұрмыстық қалдық арнайы полигондарға шығарылды.Акция аясында 45 шақырым көше бойы мен 25 шақырымға жуық өзен-көлдердің арналары қоқыстан тазартылып, 1 заңсыз қоқыс үйіндісі толығымен жойылды. Сондай-ақ 4 саябақ, сквер және қоғамдық демалыс орны абаттандырылып, 7 балалар мен спорт алаңқайлары ретке келтірілді. Жас көшеттер отырғызу және көгалдандыру жұмыстары аясында 4450 ағаш көшеті мен 10 шаршы метр түп гүл егілді.

Ерсағын Құмаров,

 аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT