Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖЕРЛЕСТЕР ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫМЕН ҚУАНТТЫ

Таяуда Алматы облысына қарасты Талдықорған қаласында қазақ күресінен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Жарысқа еліміздің барлық облысынан үш жүзге жуық палуан қатысып, боз кілем төрінде шын мықтыны анықтады. Міне, осы сында бақтарын сынаған миялылық жаттықтырушы Жандос Тілекбаев 66 келі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарының барлығын жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанса, мұқырлық, мұнайшы Аян Тайжанов 90 келі салмақ дәрежесі бойынша екінші орынға ие болды. Ал, қазіргі таңда Атырау қаласында жаттықтырушылық қызмет атқаратын миялылық және бір жерлесіміз Айбек Серғазиев 82 келі салмақ дәрежесі бойынша үшінші орынға қол жеткізді.

Сөйтіп, жерлестеріміз ардагер спортшылар арасында ауыл, аудан, облыс намысын абыроймен қорғап, мерейлерін үстем етті. Олай болса, жарайсыңдар жерлестер, жетістіктен жетістікке жете беріңдер деген тілек білдіреміз.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521