Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде мектеп оқушылары арасында «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының облыстық кезеңі өтті.

Аталмыш спартакиаданың футзал жарысында аудан намысын Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің оқушылары қорғап қайтты. Барлығы сегіз команда қатысқан жарыстың іріктеу кезеңінде жерлестеріміз Құрманғазы ауданы, «Ұлан» (Атырау), Исатай ауданы командаларын ұтса, жартылай финалда атыраулық «Барысты» 4:1 есебімен жеңді. Ал, ақтық сында қайтадан Исатай ауданы құрама командасымен кездесіп, тартысты өткен ойында жерлестер 3:2 есебімен басым түсіп, спарткиада жеңімпазы атанды. Финалда Диас Мизам екі гол, Арман Зинуллиев бір гол соғып үздік ойындарымен көзге түсті.

Осылайша, облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жерлестер енді Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық спарткиадада Атырау облысының намысын қорғайды. Бұл жеңіске аяқдопшыларды жарысқа дайындаған Бауыржан Досқалиев, Шыңғыс Серікұлы, Бекзат Өтешовтердің еңбегі зор.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521