Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шаршы алаңдағы дүбірлі дода

Өткен аптаның сәрсенбісі күні Миялы спорт кешенінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир өз жалауын желбіретті.

Аудан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге Ақтөбе облысының Қандыағаш, Байғанин, Ембі, Атырау облысының Мақат, Құрманғазы, Индер, Исатай, Жылыой, Қызылқоға аудандарынан және Атырау қаласының №2, 3, 4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командаларынан барлығы жүзге жуық жас боксшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев қонақтарға қош келдіңіз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілесе, Атырау облысы бокс федерациясының вице-президенті Батырхан Асқарұлы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Осылайша, салтанатты түрде ашылған дүбірлі додада 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер 18 салмақ бойынша өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың іріктеу кезеңі сәрсенбі, бейсенбі күндері өтсе, жартылай финалдық бәсекелер жұма, финалдық кездесулер сенбі күні өтті. Төрт күнге созылған дүбірлі бәсекеде аудан боксшылары да барын салып, жерлестерін жерге қаратпады. Соның ішінде 52 келіде өнер көрсеткен Қуаныш Есболайдың аяқ алысы бөлек болды. Барлық қарсыласын қоғадай жапырған ол, финалда Ақтөбе облысы Қандыағаш ауданының шаршы алаң шеберін жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал, 49 келіде бақ сынаған Ернұр Нұр финалға дейін ешкімге дес бермей келіп, ақтық сында құрманғазылық боксшыға есе жіберіп, екінші орынға қол жеткізді.

Ал, Наурызбек Оржановқа қола медаль бұйырды. Осылайша, байрақты бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленген жерлестер аудан боксының болашағы жарқын екенін көрсетті. Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлерін аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов марапаттап, медаль мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Жарыс жеңімпаздары

2008-2009 жылы туған жасөспірімдер

24 келі Таубай Райымбек (Мақат ауданы)

26 келі Сабитов Равиль (Құрманғазы ауданы)

28 келі Қани Әлихан (Ембі ауданы)

30 келі Алдаберген Нұрмұхаммет (Мақат ауданы)

32 келі Болат Ринат (Ембі ауданы)

34 келі Дүзелбаев Азамат (Атырау қаласы)

36 келі Болат Рамазан (Ембі ауданы)

38 келі Жалмұхан Манарбек (Атырау қаласы)

40 келі Орақбай Мадияр ( Мақат ауданы)

+42 келі Беркінғали Исламбек (Мақат ауданы)

+42 келі Қалкен Расул (Мақат ауданы)

 

2006-2007 жылы туған жасөспірімдер

35 келі Рашит Дінмұхаммед (Индер ауданы)

37 келі Адилов Ислам (Қандыағаш ауданы)

40 келі Сағындық Әлихан (Атырау қаласы)

43 келі Мейрамбек Рауан (Жылыой ауданы)

46 келі Парух Әлихан (Атырау қаласы)

49 келі Саятов Шапағат (Құрманғазы ауданы)

52 келі Есболайұлы Қуаныш( Қызылқоға ауданы)

+55 келі Әміржанұлы Әли (Исатай ауданы)

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521