Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Намыс» командасы жеңімпаз

Мекеме қызметкерлері арасында өтіп жатқан аудандық спартакиада өткен аптада волейбол ойындарымен жалғасты.

Миялы спорт кешенінде өткен жарысқа аудандағы мекемелерден біріктірілген алты команда қатысты. Тартысты өткен әуедоп сайысында Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық аурухана, өнер мектебі, «Арман» мәдениет үйі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан құралған «Намыс» командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды аудан әкімі аппаратына қарасты бөлімдер, орталық кітапхана, аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасы, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясынан құралған «Болашақ» командасы жеңіп алды. Үшінші орынды жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, электрмен қамту орталығы, жастар ресурстық орталығы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, «Қазсушар» мекемесі, кәсіпкерлер палатасынан құралған «Қайрат» командасы иеленді.

Енді мекемеаралық спарткиада аудандық орталық кітапханада тоғызқұмалақ ойынымен жалғасатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521