Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЫҚТЫЛАР БАҚ СЫНАҒАН БӘСЕКЕ

Миялы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахмат, үстел теннисінен, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі мен дойбыдан, ауыл жастары арасында асық ату мен ләңгі тебуден және мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыстар өткізілді.

a

Оған Миялы, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара окрутерінен спортшылар қатысып, өзара жеңімпаз-жүлдегерлерді анықтады. Бір күнге созылған мерекелік жарыс нәтижесінде ардагерлер арасында үстел теннисінен Мәлік Сүлейменов (Миялы) барлық қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Байтас Мусин (Миялы), үшінші орынды Рамазан Асауов (Миялы) иеленді.

Ал, шахматтан Қайырғали Ерекенов (Көздіғара) бірінші орынды иемденсе, екінші орынды Ажар Ізімова (Көздіғара) иеленді. Дойбыдан ерлер арасында өткен тартысты ойында Жаңабай Молдағалиев (Ойыл) бірінші орынға, Рахмет Сисенбаев (Көздіғара) екінші орынға, Асыланбек Қаматов (Ойыл) үшіні орынға қол жеткізді. Ал, аталмыш спорт түрінен әйелдер арасындағы бәсекеде Бағдагүл Қайыңбай (Жангелдин) бірінші орынды, Саманта Ардаққызы (Миялы) екінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, үстел теннисінен Базарбай Теміржанов (Миялы) бірінші орынды, Ертай Есжанов (Миялы) екінші орынды, Аманжан Әйтекешов (Ойыл) үшінші орынды жеңіп алды.

dojby-foto

Сонымен қатар, ересектер арасындағы асық ату сайысында Бүркіт Орынбасаров (Миялы) мергендік танытып, бірінші орынға ие болса, екінші орынды Дулат Балымов (Миялы), үшінші орынды Ринат Қабдолов (Жангелдин) еншіледі. Ләңгі тебу жарысында Болатбек Меңдіғалиев (Миялы) жеңімпаз атанса, Ринат Қабдолов (Жангелдин) екінші, Ризабек Амантай (Миялы) үшінші орынды иеленді.

asyk-atu-foto

Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері арасында өткен шағын футболда Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен құралған «Намыс» командасы бірінші орынды, аудандық полиция мен күзет бөлімінен жасақталған «Барыс» командасы екінші орынды, пошта-байланыс торабы, Қызылқоға желілік учаскесі, электрмен қамту орталығынан құралған «Тұлпар» командасы үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Жарыс соңында жеңімпаз-жүлдегерлерге медальдармен, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521