Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«МИЯЛЫ ЛИГАСЫ» БАСТАЛДЫ

Кеше Миялыдағы орталық стадионда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен үлкен футболдан ықшам аудандар арасында «Миялы Лигасы» басталды.

Алдымен аталмыш доданың орталық стадионда ресми ашылу салтанаты өтті. Оған округ әкімі Ерболат Иғали қатысып, футболшыларға ақжол тіледі. Сонымен қоса, «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп спортшыларға жігер берді. Содан соң, дүбірлі доданы ұйымдастырушысы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жарас Есенғалиев алдымен спортшыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерін көпшілікке байыппен түсіндірді. Сондай-ақ, алдағы ойындарға төрелік ететін төрешілермен таныстырып өтті.

f

f

Алдағы бір айлықта, ауылымыздың әр ықшам аудандарынан «Мөлтек Автобаза», «ПМК-Достық», «Телевышка», «Водострой-Динамо», «Спорт кешені», «Мөлтек», «Дидар» сынды командалар үлкен алаңда өз бақтарын сынамақ. Ашылу салтанатынан кейін лиганың шымылдығын «Мөлтек Автобаза» командасы мен «ПМК-Достық» командалары ашты. Алғашқы қырық минутта «ПМК-Достық» командасы қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Тек екінші таймнан кейін қарқын алған «Мөлтек Автобаза» 2 голмен ғана жауап берді. Осылайша алғашқы ойын нәтижесі 2-3 «ПМК-Достық» командасы лиганың алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521