Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ернар еңбекті ақтады

Жақында Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан облыстық ашық турнир болып өтті.

Оған Нұр-Сұлтан, Өскемен, Алматы, Тараз, Ақтау, Атырау, Талдықорған қалаларынан балғын дзюдошылар қатысты. Аталмыш жарыста Атырау облысы құрама командасының сапында өнер көрсеткен Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Сағыз бөлімшесінің дзюдошысы Ернар Бағытжанұлы 26 келіде ақтық сынға дейін барлық қарсыласын жапыра ұтып, тек финалдық бәсекеде ғана жергілікті балуанға есе жіберіп алды.

Сөйтіп жарыстың күміс жүлдегері атанған ол жаттықтырушысы Сәлімгерей Нұрболғановпен бірге алдағы байрақты бәсекелерге дайындығын бастап кетті.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521