Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАЛҒЫН ДЗЮДОШЫЛАР БАБЫНДА

Жақында Құлсары қаласында Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жылыой балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті.

Аталмыш жарысқа, Қызылқоға балалар-жөсөспірімдер спорт мектебінің балуандары да қатысып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айталық, Жеңіс Ниязғали (32 келі, Сағыз), Дидар Аманжол (50 келі, Сағыз), Диас Қайырлар (55 келі, Көздіғара) бірінші орынға ие болды. Ал, Бауыржан Тасыбайұлы (32 келі, Сағыз), Әл-Фараби Нұржан (55 келі, Миялы), Саламат Жандарбектер (+60 келі, Миялы) екінші орынды иеленсе, Саят Жұмағали (26 келі, Сағыз), Асылхан Марат (28 келі, Миялы), Ерхан Мұрат (34 келі, Сағыз), Асылхан Марат (38 келі, Миялы), Нұржан Аманжол (38 келі, Сағыз), Мейрамбек Айтуғановтар (42 келі, Миялы) үшінші орынды иеленді. Осылайша, жасөспірім дзюдошылар татами төрінде аудан намысын абыроймен қорғап қайтты.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521