Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖОБА ЖАҚСЫЛЫҚ СЫЙЛАДЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдағы ортаға бейімдеп, өзгелер секілді өмір сүрулеріне жағдай жасап, шығармашылығын бағалау, олардың өмірге бейімделуіне жәрдемдесіп, шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі таңда басты назарға алынып отыр.

Осы орайда, сәуір айынан бері ауданда «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржыландыруымен, «Мүгедектер әлемі» атты қоғамдық бірлестік басшысы Гүлбаршын Нұржігітованың қолдауымен «Қолтаңба» әлеуметтік жобасы қолға алынды.

Жобаға аудан орталығы Миялы ауылынан мүмкіндігі шектеулі жастар тартылды. Менде өзге жандар секілді осы жобаға қатыса бастадым. Жобаның жастарға берер мүмкіндігі мен пайдасы мол. Бұрын өз қызығушылығы бар жандар қолөнер бұйымдарын жасауға, дамытуға мүмкіндік болмаған болса, осы жоба арқылы өз қабілеттерін одан әрі дамытуда. Жұмысқа қабілетті, туа біткен дарынды жандармен жұмыс жасау өте қызық. Жоба жетекшісі, жас та болса қолөнер шебері Әсел Қажымұратқызы бойындағы бар білген қабілетімен өнерін бізге жан тәнімен үйретуде. Жетекшімізбен бірге заманауи ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап, қабілетімді дамытып келемін.

Осы жобаның мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрмыстық жағдайларына қолданатын бұйымдарды өз қолымызбен жасап, жобадан үйренген бұйымдарымды үй жағдайында жасап, халықтан тапсырыс алып, табыс көзін көрудемін. Жұмыссыз отырған мүмкіндігі шектеулі жандарға осындай мүмкіндік тудырған аудандық жұмыспен қамту орталығы және ғимаратпен қамтамасыз еткен «НұрОтан» партиясы аудандық филиалына алғысымыз шексіз. Әрбір жобаға қатысқан жан өз қолдарымен жасап жатқан бұйымдарын үлкен сүйіспеншілікпен, махаббатпен жасап, өздеріне үлкен қуаныш сыйлауда.

Жанар САҒЫНАЕВА,

аудан бойынша жобаға қатысушысы,

II топ мүгедегі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521