Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жасқайраттық еріктілер де тегін бетперде таратты

Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус індетіне байланысты біздің елде де Төтенше жағдай жарияланған болатын.

Осы орайда, Ойыл ауылдық округінің еріктілері де қалыс қалмады. Аталған округ әкімі аппаратының бас маманы Ақмарал Құлтаева:

- Игілікті іс жасауға асығып тұратын қазақ халқы, соның ішінде Жасқайрат ауылының белсенділері яғни, Г.Мұқанова – 100, С.Инаева – 100, М.Құлтаева – 70, Ұ.Қаламғали – 85, І.Ахметжанова – 20, сондай-ақ, ауылдағы «Асар» еріктілер тобы – 150, 1982 жылы туған ауыл азаматтарының келіншектері – 150 медициналық бетперде тіксе, сонымен қатар, Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі ұжымы – 50, «Өрімтал» бөбекжай балабақшасы ұжымы 50 дана бетперде тікті. Осылайша, еріктілердің игі ісінің нәтижесінде барлығы 775 бетперде тігіліп, ауыл тұрғындарына, аз қамтылған отбасылар мен І, ІІ, ІІІ топ мүгедектеріне және «Аққора» елді мекенінің тұрғындарына таратылды. Бұл игі іс әлі де жалғасын табатын болады, - дейді.

Ендеше, осындай игілікті іс басқа да округтерде жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521