Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢА КІТАПТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Бәйтерек» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен жарық көрген «Пайғамбар ақидасы», «Негізгі діни мағлұматтар», «Сахабалар тарихы», «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптар таныстырылды.

Аталмыш шараға ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысты. Шара барысында «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов жамағатқа кітаптардың қысқаша мазмұнынымен таныстырып өтті. Оның айтуынша, «Пайғамбар ақидасы», «Негізгі діни мағлұматтар», «Сахабалар тарихы» кітаптарында адам заттың асыл тәжісі болған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың тура жолы және оның саңлақ сахаба достары туралы жазылған болса, «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында ел бойынша жерлеу рәсімдерін бір ізділікке салу мақсатында жазылған.

Бұл ретте, бас имам жамағатқа алдағы жаназаларды кітапта айтылған ережелерге сай атқаруға шақырып, жиынға келген жамағатқа жаңа кітаптарды таратып берді.

Нұрәділ БИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521