ӨЗ ТІЛІМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕЙІК!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында қазақ тілінің мәртебесін көтеру керектігін баса айтты.

Өткен жылы криллицадан латынға көшу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Бұл өте дұрыс деп есептеймін. Қоғамдық орындарда, мекемелерде жарымжан жарнамамен мағынасы майысқан мәтіндер жиі көзімізге ілігеді. Оның басты себебі, туған тілін жастай меңгермеуі, мемлекеттік тілге салғырт қарауы деп түсінемін. Халық арасындағы түсініксіз сөздер тілдің тазалығына зиян келтіреді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын.

Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілінің қадірін арттыруда әр қазақтың үлесі болса екен деп тілеймін. Ендеше, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін биіктету кім-кімге парыз.

Кәмшат АРАЛБАЙ,

Сағыз орта мектебінің 11 сынып оқушысы

Сурет: Ашық дереккөзден

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031