Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық кәсіпкерлерге уақытша шектеу қойылды

Миялы ауылдық округі әкімі аппараты, санитарлық қадағалау мекемесі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі өкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, нысан иелеріне Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында қосымша шектеу іс-шараларын, оның ішінде халықтың өмірі мен өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайларын енгізу туралы қаулысын таныстырды.

img_7245

Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу мақсатында қабылданған қаулыда азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар қызметін тоқтатсын делінген. Яғни, азық-түлікке жатпайтын сауда орталықтары, авто бөлшектерді сату салондары, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету орындары, гүл павильондары, фотосалондар, оптика, моншалар, спорт кешендері, сұлулық салондары мен шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдарының жұмысы 30 наурыздан 15 сәуірге дейін тоқтатылды.

Ал, қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысына тек таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі сағат 20-00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілді. Сондай-ақ, көшеде үш адамнан артық топталып жүруге, кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қойылады. Осы қаулының орындалысы күнделікті рейдтік шаралармен тексеріліп, орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ендеше, әркім өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін мүмкіндігінше жауапкершілікті күшейткен жөн.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521