Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТЕГІН АУЫСТЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

Жергілікті атқарушы органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы арқылы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің бірі - «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу».

Ол құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті берушіге жеті жұмыс күн ішінде жүзеге асады. Ал, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны үш күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Сондай-ақ, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - жеті жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыдан үш күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік отыз күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Ал, порталда – атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін тағайындау туралы хабарламаны алу - бір жұмыс күні.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Сол сияқты, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзетумен және қалпына келтірумен байланысты куәлік беру үшін-0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Ол үшін: өтініш, жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін), туу туралы куәлігінің түпнұсқасы, некені тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі, көрсетілетін қызметті алушының 3х4 сантиметр көлеміндегі екі фотосуреті, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын түбіртек тапсырылады. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтініп отырған себептерін растайтын қосымша құжаттар талап етіледі. Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары және онда қамтылған деректер анық емес болса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмесе көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға құқылы.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521