Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)-не 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге:

1.Мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1)күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзіміненкем болмайтын мерзімде:

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенгенең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын,сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған; жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

Осы тармақтың ережелері:

1) осы Кодекске сәйкес салықтық мониторингке жататын;

2) қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

2. Салық органдары жыл сайын:

1) осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін субъектілердің бастапқы тізбесін 1 наурыздан кешіктірмей қалыптастырады;

2) мынадай мәліметтерді:

сәйкестендіру нөмірін (ол болған жағдайда);

салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не субъектінің атауын;

субъектінің орналасқан жеріндегі салық органының атауын;

кредиторлардың және (немесе) субъект мәжбүрлі түрде таратылған (есептік тіркеуден шығарылған, қызметін тоқтатқан) жағдайда құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) қабылдау үшін салық органының мекенжайын көрсете отырып, мәжбүрлі түрде таратылуға жататын субъектілердің қалыптастырылған тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 сәуірден кешіктірмей орналастырады;

3)субъектілердің қалыптастырылған тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін 1 мамырдан кешіктірмей, мәліметтер алу үшін: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің

1) тармақшасында айқындалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;

уәкілетті мемлекеттік органдарға – мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің бар-жоғы туралы;

әділет органдарына – Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мәліметтердің болуы (болмауы) туралы сұрау салулар жібереді.

3. Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін қабылдайды.

4. Мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің түпкілікті тізбесі осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер алынған жәнекредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштері (наразылықтары) болмаған жағдайда күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей қалыптастырылады.

5. Салық органдары осы баптың 4-тармағында көрсетілген тізбеге қосылған субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) үшін талап қою арыздарын сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жібереді.

Осыған байланысты мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің қалыптастырылған тізімдері салық төлеушілердің тіркелген мемлекеттік кірістер органдары көрсетіле отырып мына мекен жайларда:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz web порталы орналастырылған. Салық төлеушілерге қатысты талаптар туындаған жағдайда, тіркеу орны бойынша төмендегі Мемлекеттік кірістер органдарына өтініштермен хабарласуға болады.

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы - Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94 А.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521