Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жалғыздық» шығармасының премьерасы өтті.

Премьераны тамашалауға БАҚ өкілдерімен қатар, жазушының жары Сәуле Отарбаева қатысты. Қойылым Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі аясында сахналанды.

Қоюшы режиссері – Махамбет атындағы облыстық драма театрының Бас режиссері Мұқанғали Томанов. Оның айтуынша, Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің жазылу стилі өзгеше, терең дүние.

rakh2

- Қойылымда В.Высоцкий әндері пайдаланылады. Мұнда сөзі аз болғанымен иірімдері жетерлік. Қойылымның ерекшелігі – жан дауасын іздеп келетін жолаушыны қарсы алатын топтасқан «Адамдар» легінде. Ал, өзектілігі – бес күндік жалған ғұмырдың әр сәтін бағалай білуде, - дейді Мұқанғали Томанов.

Айта кетейік, 18-22 қараша аралығында Атырау қаласында Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ республикалық театр фестивалі өтеді. Фестивальге еліміздің 9 театр ұжымы қатысады.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521