Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Намыстың отын жаққан ағалар»

Осындай тақырыпта 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай Қызылқоға тарихи-өлкетану музейінде аудандық балалар кітапханасымен бірлескен шара өтті.

Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада алдымен аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Әбілханова балғын оқырмандарды «Ерлігі ерен сарбаздар» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырып, оларға ауған соғысы, ауған ардагерлері жөнінде көрмедегі кітаптарды оқуға кеңес берді.

Шара барысында Б.Аманшин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары ақын Бақытбек Смағұлдың «Оқ пен Отан» өлеңдер жинағындағы «Жалынды жастарға», «Қазақтың қасқыр ұлы», «Жас қыран» тақырыбындағы патриоттық өлеңдерді оқыды. Одан әрі Ақбаян Жаубасар әсем ән шырқап, Нұрдәулет Ноғай күмбірлете күй төкті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521