banerkzbig

Нөсер жауыннан су жаңа үй суға кетті

Аудандағы Жасқайрат ауылында табиғи апаттан бір отбасы зардап шекті.

Өкініштісі сол ауыл тұрғыны Болат Сұлтангереевтің өз еңбегімен тұрғызып, бір ай бұрын ғана кірген су жаңа үйі суға кетті. Нөсер жауынның салдарынан баспанасы жарамсыз болып қалған отбасына редакция тілшілері аяқтай барып, мән-жайын біліп қайтты. Сөз тиегін ағытқан үй иесі, көпбалалы ана Мейрамгүл Сұлтангереева отағасының да тұрақты жұмысы жоқ, ауыл әкімдігінен ешқандай көмек болмай тұрғанын айтып налыды. Себебі, шатыр ұшқан күні-ақ көмек қолын созғанда, үйіміз суға кетпейтін еді дейді. Зардап шеккен отбасы мүшелерінің айтуынша, 26 шілдеде болған қатты желдің салдарынан шатыры ұшып, біраз әлекке қалған олар жергікті әкімдік назарына, «Телеграмм» әлеуметтік желісіне хабарлаған болатын. Алайда, әкімдіктен әрекет бола қоймағандықтан, ұл-қыздары жұмылып шашылған шатырды жинап алады. Табиғаттың тосын мінезі таусылған ба, артынша, яғни 30-31 шілде күндері төкпелеткен нөсер жауыннан суға кеткен үй біраз шығынға ұшыраған екен.

su

img_7749

Оқиға кезінде ауыл әкімі Мағжан Жексенов еңбек демалысында болғандықтан, міндетін атқарушы Абат Ақбалашов әкімдіктің бас маманы Мұратбек Базарғалиевті үй жағдайын білмекке жіберген. Бірақ, маманның мардымсыз жауабы мәселе шешпесе керек. Артынша, аудандық әкімнің орынбасары Айдулат Кенжебеков те бұл жағдаймен аяқтай барып танысып, алдағы уақытта әкімдік тарапынан 250 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беретінін айтқан. Жұма күні ұйымдастырылатын «Ашық есік» күні қоғамдық қабылдауда аудан әкімі Арман Бәженов зардап шеккен отбасына демеушілер есебінен қаржылай және материалдық қолдау көрсетілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig