Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАТОРДЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ

Қызылқоға аудандық сотында азамат А.Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) көзделген әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Миялы ауылының тұрғыны А.Т өзінің зайыбы М.Ж-ның бетінен және мойнынан ұрып дене жарақатын салып, денсаулығының қысқа мерзімге бұзылуына әкеп соққан, қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сотта А.Т кінәсін мойындап, өзара сөзге келісе алмай қалып, оны қолымен ұрып жібергенін, әрекеті үшін кешірім сұрайтынын, енді қайталанбайтынын, медиатордың қатысуымен өзара татуласқандарын айтып, өзіне қатысты істі тоқтатуды сұрады. Сотта жәбірленуші, күйеуінің қол жұмсағанын бұрын көрмегендіктен, ашумен полицияға хабарлағанын, алайда өзара медиация тәртібінде татуласуына байланысты оған қатысты әкімшілік істі тоқтатып, жауаптылықтан босатуды сұрады. Медиациялық келісімге кәсіби емес медиатор Ө.Дүйсәлінің қатысуымен қол жеткізілген.

Сот қаулысымен, азамат А.Т әкімшілік жауаптылықтан тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты босатылып, оған қатысты іс тоқтатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521