Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КІТАП КӨРМЕСІ ЖАСАҚТАЛДЫ

Қоңыраулы ауылдық кітапханасында «Талантымен танылған тұлғалар» тақырыбында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен ұлы ғалым, философ, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған кітап көрмесі жасақталды.

alfarabi

Сонымен қатар, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылдың үздік кітабы болып танылған жазушылар М.Әуезовтің «Абай жолы» мен Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітаптары насихатталды. Ауылдың тұрғындары екі бөлімнен тұратын кітап көрмесімен танысты. «Дана халықтың дара Абайы» атты бөлімде оқырмандарды Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстырса, жас оқырман Асылай Жұпбай Абай ақынның «Ғылым таппай мақтан ба», «Қыс» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» бөлімінде шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидың өмірбаяны мен шығармашылық қызметтері туралы кеңінен сөз болды. Сол сияқты ауыл кітапханасының оқырмандары С.Құрманшин, Б.Аяпов, Б.Өтеулиев, Г.Дүйсенбиевтер Абай ақынның қара сөздерін оқып, мағынасын түсіндірсе, ауыл тұрғындары Абай ақынның «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы», «Сегізаяқ» әндерін тамылжыта шырқап берді.

Шара барысында, халқымыздың талантты тұлғаларының бай мұралары насихатталып, жасақталған көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

А.ӨТЕУЛИЕВА,

Қоңыраулы ауылдық кітапханасының кітапханашы

Суреттео: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521