Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы баяндалды

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 6 сәуір күні Атырау облысындағы инфекциялық стационарда "коронавирустық инфекция" жұқтырғандар саны 29-ға жетті.

- 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі байқалады. Бір науқастың ауруы күрделі өтуде, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.

Инфекциялық стационардағы барлық емделушілерге тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521