Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Иманды жастардың берері мол

Кез-келген еріктілер ұйымының басты мақсаты – қоғамға, елге жақсылық жасау екені аян.

Осы орайда, былтырғы жылы Миялы мен Сағыз ауылындағы мешіт жамағаттары арасынан «Иман жастары» еріктілер тобы құрылды. Жақсылыққа жаны құмар жастарды бір арнаға тоғыстырған біздің топ құрылған сәттен бастап жүйелі жұмыстарды қолға алды. Соның ішінде тұрақты түрде атқарылып келе жатқан акция – әр жұма сайын тегін нан тарату. Әр аптаның жұма күні жергілікті наубайханалардан 60 нан, 60 батон және 120 бөлке нан алып, «Керуен» сауда орталығында жергілікті тұрғындарға таратып келеміз. Бұл дәстүр арасы үзілместен бір жыл бойы жалғасты. Одан бөлек, әр ай сайын ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктер таратып келдік. Дәл осындай жұмыстар Сағыз ауылында да қолға алынған. Сағыздық жастар тегін нан өнімдерін таратуды «Болашақ» дүкенінде жүзеге асырып келеді.

Бір қуанарлығы – Миялы мен Сағыздағы қайырымдық істерді көрген Ойыл ауылдық округінің жастары да осы жылдан бастап өз ауылдарында «Иман жастары» тобын құрып, игі істерді жасауды жоспарлап отыр.

Ризабек АМАНТАЙ

«Иман жастары» еріктілер тобының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521